7 минутта жеткен көмек: мамандар өрттің аумағын кеңейтуге жол бермеді
Өрттің шығу себебін анықтап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда тілсіз жаудан 4 адам зардап шекті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Әйгерім-1 шағынауданындағы екі қабатты ғимараттың шатыры өртенген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіпті. Алайда бұл уақытта жалын шатырды түгел шарпыған. Құрылым ағаштан жасалғандықтан өрт тез таралып, жақын маңдағы тұрғын үйлерге де қауіп төнген. Тілсіз жау 180 шаршы метр аумақты шарпыды. Салдарынан 4 адам зардап шегіп, қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында.
Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда киберқылмысқа қарсы жаңа шаралар қабылданды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48