Ведомство өкілдері Халықаралық әйелдер күні қарсаңында алаяқтық фактілері туралы ескертеді
8 наурыз мерекесі қарсаңында алаяқтар азаматтардың мерекелік қарбаласқа байланысты белсенділігін, гүлдер мен сыйлықтарға тапсырыстардың көбеюін, сондай-ақ онлайн-төлемдердің артуын пайдаланып, олардың ақшалай қаражаты мен жеке деректеріне қол жеткізуге тырысады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бас прокуратура кезекті рет ескертеді: мереке кезеңінде алаяқтар азаматтарға түрлі сылтаулармен қоңырау шалып, хабарламалар жіберуі мүмкін.
Ең көп таралған тәсілдер:
Бір реттік SMS-код қаржылық операцияларды растауға арналған құпия құрал екенін есте ұстаған жөн. Мұндай кодты үшінші тұлғаларға беру ақшалай қаражаттың есептен шығарылуына, несие рәсімделуіне немесе банк қосымшаңызға қол жеткізілуіне әкеп соғуы мүмкін.
Банктердің қызметкерлері де, құқық қорғау органдары да телефон арқылы SMS-кодтарды, құпия сөздерді және банк картасының деректерін сұратпайды.
Назар аударыңыздар, кейбір жағдайларда тауарларды немесе банк өнімдерін ресми жеткізу кезінде растау коды шын мәнінде қолданылады. Алайда ол тек сіз алдын ала рәсімдеген тапсырыс бойынша, жеткізуді күтіп отырған жағдайда және тауарды алғаныңызды растау үшін пайдаланылады.
Егер жеткізу туралы қоңырау немесе хабарлама күтпеген жерден келіп, сізден кодты айту сұралса, әңгімені дереу тоқтату қажет. Сонымен қатар мереке қарсаңында алаяқтар әлеуметтік желілерде, оның ішінде Instagram және TikTok платформаларында жалған парақшалар ашып, гүлдер мен басқа да тауарларды айтарлықтай төмен бағамен, ірі жеңілдіктермен және акциялармен ұсынып, алдын ала төлем талап етеді.
Ақша алғаннан кейін мұндай парақшалар қызметін тоқтатып, сатушымен байланыс мүмкін болмай қалады.
Гүлдер мен сыйлықтарды тек сенімді сатушылардан тапсырыс беруге, төлем жасаған кезде алушының деректемелерін мұқият тексеруге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және қандай жағдай болмасын бөгде адамдарға SMS-кодтар мен банк деректерін бермеуге кеңес беріледі.
Күдік туындаған жағдайда банкке ресми нөмір арқылы өзіңіз хабарласып, қажет болған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгінген жөн. Қарапайым цифрлық қауіпсіздік қағидаларын сақтау сіздің қаражатыңыз бен жеке деректеріңізді қорғауға мүмкіндік береді. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар.
Оқи отырыңыз: Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аруларына бір реттік қаржылай көмек беріледі