Аязды күндер азайды: Қазақстандағы климат қалай өзгеріп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv

Биыл жауын-шашынның мол түсуі және ауа температурасы жиі ауытқуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қазгидромет" РМК Гидрометеорталығының директоры Марина Шмидт елімізде қандай климаттық өзгерістер болып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Қазақстандағы климаттық өзгерістер температураның жоғарылауынан және жел жылдамдығының төмендеуі себепті айқын біліне бастады.

"Бізде аязды күндер азайды, сондай-ақ орташа жел жылдамдығы да төмендеді. Бұл Қазақстан үшін әдеттен тыс жағдай, өйткені бізде көбіне күшті жел байқалатын. Жалпы,  климаттың өзгеруі байқалып отыр", — деді Марина Шмидт елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Спикер елімізде климаттың өзгеруін зерттейтін ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейтінін атап өтті.

Сонымен бірге "Қазгидрометтің" ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова Астана айналасына егілген «Жасыл белдеу» де өз нәтижесін бергенін, елорданың ауа райы анағұрлым қолайлы бола түскенін айтты.

Еске сала кетсек, "Қазгидромет" компаниясы алдағы қыс мезгіліне арналған ауа райының консультативтік болжамын ұсынды. Биыл жауын-шашынның мол түсуі және ауа температурасы жиі ауытқуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда 17-23 қараша аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров