Абай облысында түрмеде отырған адам қайтыс болды

Matthew Ansley/unsplash.com/
Matthew Ansley/unsplash.com/

Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан адамның қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әзірге ер адамның нақты қалай көз жұмғаны жайлы ақпарат жоқ. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпаратты жария етуге заңмен тыйым салынған", — деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 12 мыңнан астам трамадол таблеткасы тәркіленді

 

Новости партнеров