Талғарда тағы да төбелес: қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан үш адамның бір азаматты ұрып, басынан тепкенін көруге болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында ер адамды соққыға жыққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктілер ұсталды. Оқиға осыдан 2 күн бұрын Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылындағы «Нүрия» тұрғын үй кешенінің маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан үш адамның бір азаматты ұрып, басынан тепкенін көруге болады.

Беті қан-жоса болып, бірер уақыт қимылсыз жатқан ер адамның кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Алматы облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Чика бұйрық бергеннен кейін төбелес басталды: Нұрғанат Ғайыпбаевтың түсініктемесі оқылды

Новости партнеров