Абай облысында жаңа су қоймасының құрылысы қашан басталады

30.08.2025 11:56

Комиссия құрылыс жүргізілетін аумақты тексерді

Аlmaty.tv

Абай облысының Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінде жаңа су қоймасы салынады. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысанның жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатыр, деп хабарлайды  Аlmaty.tv ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны уақытылы әрі сапалы іске асыру үшін «Қазсушар» РМК-ның жергілікті филиалы мамандары, Ақсуат ауданы әкімдігінің қызметкерлері және мердігер ұйым өкілдерінен құралған комиссия құрылыс жүргізілетін аумақты тексерді.

«Тексеру барысында тараптар жобаны жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Аудан әкімдігімен бірлесіп ішкі каналдар да қаралды. Жергілікті атқарушы органдар олардың реконструкциясына қатысты жобалау-сметалық құжатты әзірлеумен айналысады. Жаңа су қоймасы мен магистральді каналдар аудандағы ирригациялық жүйелердің толыққанды әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді», – деді Абай облысындағы «Қазсушар» РМК филиалының директоры Жарқынбек Байсабыров.

Оқи отырыңыз: Алматыда Қазақстандағы алғашқы Цифрлық медицина орталығы ашылды