“Абай“ шахтасында 155 адам электр қуатына байланысты эвакуацияланды

08.11.2024 12:13

Қазіргі уақытта электр энергиясы қалпына келтірілді

elements.envato.com

7 қараша күні сағат 20:29-да Qarmet-тің Орталық диспетчерлік басқармасына "Абай" шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай "Қарағанды Жарық" ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған.

Жедел түрде персонал эвакуация жоспарын іске қосты, нәтижесінде ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне шығарылды.

Кәсіпорынның барлық қызметі жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта электр энергиясы қалпына келтірілді.

Тиісті қызметтер жағдайды талдап, кәсіпорын жұмысын қауіпсіз түрде қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатыр.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды