Басқосуда ақынның қара сөздері мен философиялық ойлары талданды
«Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы». Алматыда осындай тақырыпты ғұламаның 180 жылдығына арналған жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жазушылар кітапханасында ұйымдастырылған іс-шараға ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Басқосуда ақынның қара сөздері мен философиялық ойлары талданып, әндері бірнеше тілде орындалды.
«Бұл – той тек қазақтың тойы емес, күллі түркі әлемінің, адамзаттың тойы. Абайдың артында қалған мол әдеби мұрасы – бүкіл әлемдік деңгейдегі рухани қазына. Бүкіл дүниежүзілік өркениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан Абайды кең көлемде насихаттап, таныту – дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты», – деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікқазы Қорабай.
«Абай атамыздың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі зор. Бәріміз Абай атамыздың өлеңдерімен сусындап өстік», – деді Ш. Құдайбердіұлының шөбересі Нұрлан Зиятов.
Оқи отырыңыз: Book Vibe: Алматыда Абай кітаптарының көрмесі өтті