Абай облысында көл жағасындағы қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр

30.06.2026 19:35

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әзірге жақын маңдағы елдімекендерге қауіп жоқ

Абай облысында көл жағасындағы қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тілсіз жау Сасықкөл маңында тұтана бастапты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әзірге жақын маңдағы елдімекендерге қауіп жоқ. Өрт әуеден жүргізілген мониторинг кезінде анықталған. Қаракөл ауылдық округіне жеткен құтқарушылар жалынның батпақты, жетуі қиын аумақта шамамен 30 гектар жерді шарпығанын анықтады.

Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жауды оқшаулап, одан әрі таралмауына күш салып жатыр. Бірақ батпақ жер арнайы техниканың өрт ошағына жақындауына мүмкіндік бермей, сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында қыз алып қашпақ болғандар ұсталды