Референдумға дейін:
19
күн
14
сағат
15
минут

Абай облысында жаңа қосалқы станция іске қосылды

Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жоба шеңберінде бұрын 110 кВт кернеумен жұмыс істеген электр желілерінің қуаты 220 кВт-қа дейін арттырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аягөз қаласында өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан – жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба шеңберінде бұрын 110 кВт кернеумен жұмыс істеген электр желілерінің қуаты 220 кВт-қа дейін арттырылды. Бұл электрмен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілетін ұлғайтып, сенімділігін күшейтуге мүмкіндік берді.

Жаңадан іске қосылған қосалқы станция Аягөз қаласын, Мақаншы және Үржар аудандарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, нысанның инвестициялық тартымдылықты арттырып, өнеркәсіп кәсіпорындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қойылған шектеу ұзартылуы мүмкін

 

 

 

 

Новости партнеров