Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қойылған шектеу ұзартылуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қойылған шектеулерді ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство «Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара мал етін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірлеген. Құжатқа сәйкес, елімізден 6 ай мерзімге үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспорттауға сандық шектеу енгізіледі. Квота жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған сиыр етіне қолданылады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бағаның тұрақтануына бағытталған.

Оқи отырыңыз: Сыр диқандары су үнемдеу технологияларын белсенді қолдана бастады

Новости партнеров