Абай облысындағы мектепке сапасыз көмір жеткізілген
Аталған жайт бойынша облыстық білім басқармасы түсініктеме берді
Абай облысындағы мектептердің біріне сапасыз көмір жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Үржар ауданының Елтай ауылындағы оқу ошағын жылыту үшін берілген қатты отын тұрғындардың наразылығын тудырды. Аталған жайт бойынша облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. Сөздерінше, мұндағы мектепке 27 тонна көмір жеткізілген.
Алайда алғашқы партияның сапасы талапқа сай болмаған. Осыған байланысты мердігерге қатты отынды сапалы өніммен алмастыру туралы талап қойылған. Білім бөлімі өкілдерінің айтуынша, жеткізілген көмір үшін мердігерге әзірге ақы төленбеген.
"Көмірдің сапасы сапасы орташа деп айтуға болады. Бірақ мектепке жылу берілді, осы көмірді жағып жатыр. Жылу тоқтатылған жоқ. Ал енді арасындағы ұсақ көмірге байланысты мердігерге талап қойылды. Ол көмірді жақын мерзімде қайтадан әкеліп, ауыстырып береді", - деді Үржар аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Шакеев.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Арқау» халықаралық көрмесі ашылады