Абай өлеңі әлем тілдерінде оқылды

10.08.2026 13:29
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, ақын өлеңдері бірнеше әлем тілінде мәнерлеп оқылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Абай аманаты» челленджіне алғашқылардың бірі болып қатысқан пәкістандық оқытушы Arain Intesar Ahmed Абайдың өлеңін қазақ тілінде нақышына келтіре орындады.

Сонымен қатар шетелдік студенттер ақынның танымал шығармасын өз ана тілдерінде оқып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген құрметін білдірді. Бұл бастама Абай мұрасының ұлттық шеңберден асып, әлемнің түрлі елдерінен келген жастар арасында кеңінен насихатталуына ықпал етті.

Оқи отырыңыз: Алматыда Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

Толық көрсету