Абайдың «Толық адам» ілімі халықаралық деңгейде мойындалды

Игі бастаманы қолға алған Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірі Times Higher Education Awards Asia 2026 сыйлығын жеңіп алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абайдың «Толық адам» іліміне негізделген білім беру бағдарламасы халықаралық марапатқа ие болды. Игі бастаманы қолға алған Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірі Times Higher Education Awards Asia 2026 сыйлығын жеңіп алып,  Орталық Азия бойынша алғаш болып Teaching and Learning Strategy of the Year номинациясында үздік атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аталған бағдарлама студенттердің тек академиялық білімін емес, тұлғалық дамуын да қатар қалыптастыруға бағытталған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай тәсіл заманауи білім беру жүйесіне жаңа мазмұн әкеледі.

«Үш жыл бұрын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «бүгінгі жастың Абай атамыздың үш қасиетін бойына сіңірген толық адам болу керек» деп айтқан. Бүгін «Толық адам» ілімі халықаралық деңгейде мойындалып, Times Higher Education – жоғары білім саласында әлемдік деңгейде өте беделді рейтинг», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Жоба аясында сыни ойлау, көшбасшылық, қоғамға қызмет ету және өмірлік дағдыларды дамытуға бағытталған тақырыптар енгізілген. Университет басшылығының мәліметінше, білім беру бағдарламасы ұлттық құндылықтар мен жаһандық трендтерді ұштастырады. Нәтижесінде, жыл сайын мыңдаған студент «Толық адам» іліміне негізделген білім алып шығады.¤

«Қатысқан номинациямыз «Жылдың үздік оқыту стратегиясы» деп аталады. Қытайдың, Гонконгтың, Кореяның, Жапонияның үздік университеттері бәсекелес болды. Бірақ үлкен бәсекелестікке қарамастан, бағдарлама халықаралық жюридің атынан үлкен бағаға ие болып, жеңімпаз атанды», – деді университет проректоры Әсел Арын.

Оқи отырыңыз: Тарихи мұраға қиянат: Жерасты мешітіне пластик терезе орнатқандарға ірі көлемде айыппұл салынады

 

 

Новости партнеров