Абақтыда жазасын өтеушілердің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

14.08.2026 20:25

Бейнебақылау жүйелері жасанды интеллект және бейнеаналитика технологияларымен жабдықталған

Almaty.tv

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті ресми сауалымызға жолдаған жауабында түрмелерде заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

"Қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында әрбір жасақта орналасқан терминалдар арқылы шағым түсіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген, сондай-ақ жеке қабылдаулар өткізіледі. Мекемелерге қоғамдық бақылау комиссиялары және Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі бюро мүшелері тұрақты түрде барып тұрады", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазір елімізде 78 түрме жұмыс істеп тұр. Соның бәрі де бейнебақылау камераларымен қамтылған.

"Барлық мекемеде ҚАЖ, ІІМ және прокуратура органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған жаппай бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚАЖ мекемелеріндегі «Жаппай бейнебақылау» жобасы барлық 78 пенитенциарлық мекемеде енгізілді", — делінген ресми жауапта.

Бейнебақылау жүйелері жасанды интеллект және бейнеаналитика технологияларымен жабдықталған.

"Олар адамның бет-бейнесін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тануды, тыйым салынған аймақтарға кіру фактілерін анықтауды, сондай-ақ бейнекамера объективінің жабылғанын анықтауды қамтамасыз етеді", — деп мәлімдеді ведомсвто.

Оқи отырыңыз: Балаларды қорғау саласындағы мамандарға арналған оқыту өтті

Толық көрсету