Қызылорда қаласында қазанда республикалық кезең өтеді
Алматыда «Қазақ аналары - дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Абысын-ажын» атты байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шаһардағы сауда кешенінде ұйымдастырылған іс-шараға қала мен облыстан бірнеше отбасының келіндері қатысқан. Олар ұлттық қолөнер, өлең және салт-дәстүрге негізделген 4 түрлі кезең бойынша бақ сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұрпаққа үлгі ету, сондай-ақ отбасындағы татулық пен ұйымшылдықты насихаттау.
«Биыл республикалық байқау төртінші рет өткізіледі. Барлық аймақта аудандық «Абысын-ажын» байқауы өтіп жатыр. Қыркүйектің соңы немесе қазанның басында республикалық кезең Қызылорда қаласында өтеді. Қай қала жеңсе, сол қалада көшпелі түрде өткізіліп отырады», – деді «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Айнұр Жүгінісова.
Оқи отырыңыз: Н. Сац атындағы аңызға айналған балалар театры Оқушылар сарайында спектакль қойды