Абзал Құспан: Адвокатура институты – адам құқықтарын қорғаудың тікелей тетігі

01.02.2026 10:59

Конституция жобасындағы басты жаңалықтардың бірі – адвокатура институтының Ата Заңда бекітілуі

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан Конституция жобасындағы басты жаңалықтардың бірі – адвокатура институтының Ата Заңда бекітілуі екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Депутаттың айтуынша, Конституция еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін әр азаматтың өміріне әсер ететін аса маңызды саяси-құқықтық құжат. 

Осы тұрғыдан алғанда адвокатура институтын Конституцияға енгізу оның преамбуласында көрсетілген Әділетті Қазақстан, Заң мен тәртіп қағидаттарымен және халықаралық деңгейде мойындалған Миранда құқығымен тікелей байланысты.

«Егер бұл қағидаттар Конституцияда бекітіліп, ал адвокатураға қатысты мәселе шешімін таппағанда, олар декларация деңгейінде қалып қояр еді. 

Себебі адвокатура институты - адам құқықтарын нақты өмірде іске асыратын тікелей механизм», – деді Абзал Құспан.

Оқи отырыңыз: Егемендік пен аумақтық тұтастық жаңа Конституцияның мызғымас құндылығы