Адам туған күнінде неге жабырқайды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Психологтар өз қажеттілігің мен мүмкіндігіңді ескеріп өмір сүруге кеңес береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көптеген адамдар туған күнінде қуаныш емес, мұң кешеді. Психологтар мұны өмірден күткен үміттің ақталмауымен байланыстырады. Егер адамның нақты жетістіктері өз қалауларына сай келмесе, бұл ішкі күйзеліс пен бос сезімді тудырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

"Москва 24" сайтының жазуынша, психология ғылымдарының кандидаты Софья Сулимнің айтуынша, кей адамдардың ішінде әлі де бала бар: олар туған күнін басқалар ерекше етіп өткізеді деп күтеді. Ал мұндай күтулер орындалмаса, көңілсіздік пайда болады.

Маманның пікірінше, мұндай сезімді көбіне «ел не дейді» деген ішкі ұстаныммен өмір сүретіндер бастан кешіреді. Яғни, олар өз қалауларына емес, қоғамның немесе айналасындағылардың пікіріне көбірек мән береді.

«Басты себеп – өз қалауыңша өмір сүрмеу. Бұл тұрақты қанағатсыздыққа алып келеді, ал туған күн сол сезімді күшейтіп көрсетеді. Жасты қабылдау – өз өміріңе жауапкершілік алу. Қандай жағдай болса да, әрдайым таңдау бар екенін түсіну маңызды», – дейді Сулим.

Психолог туған күн алдында өз қалауларың мен мақсаттарыңды қайта қарауға, жасты қабылдап, өз қажеттіліктерің мен мүмкіндіктеріңді ескеріп өмір сүруге кеңес береді.

Оқи отырыңыз: Дастан Сәтпаев әлемнің ең талантты футболшыларының тізіміне кірді

Новости партнеров