ШҚО-да болашағы жоқ бірнеше ауыл картадан жойылды
Облыстық мәслихат Алтай және Шемонаиха аудандарында орналасқан бірқатар елдімекенді тарату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алтай ауданында 3 ауыл, атап айтқанда Соловьев ауылдық округіне қарасты Ленинск, Малеев ауылдық округіндегі Ландман және Парыгин ауылдық округіндегі Кутиха ауылдары таратылды.
"Таратылған ауылдар енді іргелес елді мекендердің құрамына кірді. Ленинск — Подорлёнок ауылының, Ландман — Малеевск ауылының, ал Кутиха — Парыгино ауылының құрамына қосылды. Шемонаиха ауданында 2 елді мекен картадан жойылды. Заречное ауылы — Усть-Таловка кентінің құрамына енсе, Рулиха станциясы — Каменев ауылдық округіне қарасты ауыл құрамына қосылып отыр", - деп хабарлады мәслихаттан.
Оқи отырыңыз: Түнгі тыныштық: МИБ төрағаларына полицияның кейбір өкілеттігі беріле ме