Адам өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды

17.10.2025 19:36

Ол "Lenovo Қазақстан" компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген

polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол еліміздің Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген.

«Ол "Lenovo Қазақстан" компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамауы себеп болған», - делінген хабарламада.

Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген.

Айта кетейік, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын.

Оқи отырыңыз: Рұқсатсыз салынған үйлер: Алматы әкімдігі баспана аларда сақ болуға шақырды