Бұл мақсатқа бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 25,8 мың отбасындағы 138,1 мың адамға 2,3 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Оқи отырыңыз: Алматыда жүктемесі жоғары қиылыстардағы кейбір бағдаршамның жұмысы өзгереді