Алматыда жүктемесі жоғары қиылыстардағы кейбір бағдаршамның жұмысы өзгереді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жүргізушілер мен жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жүктемесі жоғары бірқатар қиылыста қозғалыс сызбасын түзету бойынша пилоттық жоба қолға алынды. Жоба аясында жүргіншілер мен көлік қозғалысына арналған жекелеген бағдаршам фазалары өзгертіледі. Бұл туралы Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өзгерістер мына қиылыстарда енгізіледі: Назарбаев даңғылы – Гоголь көшесі; Абылай хан даңғылы – Гоголь көшесі; Достық даңғылы – Абай даңғылы; Сейфуллин даңғылы – Мақатаев көшесі; Абай даңғылы – Алтынсарин даңғылы.

6 ақпанда пилоттық режимде Назарбаев даңғылы мен Гоголь көшесінің, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылыстарында жаңартылған қозғалыс сызбасы енгізілді. Қалған учаскелерде осындай өзгерістерді 15 ақпанға дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Бағдаршам нысандарының жұмысын түзету Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы мен Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп жүргізді. Пилоттық жоба аясында жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған қосымша бағдаршам фазасы енгізілді.

Өзгерістер қозғалысты оңтайландыру және апаттық тәуекелдің қаупін азайту мақсатында ең көп жүктемесі бар қиылыстарда енгізіледі.

Жүргізушілер мен жүргіншілерге бағдаршам сигналдарын мұқият қадағалап, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Алматы қалалық туризмнің халықаралық деңгейдегі көшбасшысы ретінде танылды

Новости партнеров