Жоба аясында қолданыстағы жүк инфрақұрылымы кешенді түрде жаңартылып жатыр
Алматы халықаралық әуежайы жүктерді өңдеу тиімділігін арттыруға, операциялық мүмкіндіктерді дамытуға және әуежайдың өңірдегі негізгі жүк хабы ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған жүк инфрақұрылымын ауқымды трансформациялауды жалғастыруда, деп хабарлайды Аlmaty.tv әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында қолданыстағы жүк инфрақұрылымы кешенді түрде жаңартылуда. Жүк қоймасы жаңғыртылып, курьерлік компанияларға арналған жаңа орталық салынды, әкімшілік ғимарат жаңартылды. Барлық нысандар бірыңғай интеграцияланған жүк кешеніне біріктірілуде.
Инфрақұрылымды жаңарту жүктерді өңдеу үдерістерін жеделдетуге, операциялық тиімділікті арттыруға және жүк тасымалының одан әрі өсуіне қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.
Бүгінде Алматы халықаралық әуежайы Орталық Азиядағы ең ірі авиациялық жүк операторы болып табылады және Қазақстанның халықаралық логистикалық байланыстарын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Жүк кешенін трансформациялау әуежайды ұзақ мерзімді дамыту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады және Алматының Қазақстанды жаһандық нарықтармен байланыстыратын өңірдегі негізгі жүк және логистикалық хабтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Конго президентіне құттықтау жеделхатын жолдады