Жезқазғанда сала мамандары Қазақстанның энергетика саласын дамыту мәселесін талқылады
Ел экономикасын дамытуда энергетикалық саланың рөлі зор. Өйткені әбден тозған инфрақұрылымдар қайта жаңғыртуды талап етеді. Жезқазғанда сала мамандары Қазақстанның энергетика саласын дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған ғалымдар мен оқытушылар, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысты. Жиналғандар бірауыздан тұрақты энергия көздерінің қажеттігін айтып отыр.
"Кездесу әр аймақта өтіп жатыр. Басқосуда елді алаңдатып отырған сауалдарға тиісінше жауап беріп жатырмыз. Энергия өндіру көздерін арттыру контексті түсіндіріледі. Президент экономиканы әртараптандыру мен индустрияландыруға үлкен мән бергенін білесіздер. Өндіріс орындарына инвестиция тарту бойынша да үлкен бағдарлама бар. Мұның бәрі, әрине, энергия көздерін қажет етеді", – деді ҚР ҒЖБМ ғылым комитеті төрағасының орынбасары Аян Рамазан
Сарапшылардың айтуынша, АЭС Қазақстанға энергетикалық тәуелсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Электр энергиясына деген ішкі қажеттілікті өтеуге сеп болады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, кадр резерві құрылады.
"АЭС салу – үлкен күрделі құрылыс. Қазақстан үшін керекті жоба. Себебі елімізде болмаса, өзгеге тәуелді боламыз", – деді Электр энергетика және еңбекті қорғау кафедрасының аға оқытушысы Жанат Кабасова.
Оқи отырыңыз: Референдум: Сыр өңірінде 380 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді