АЭС: сала мамандары алматылық дәрігерлермен кездесті

24.09.2024 14:20

Басқосуда АЭС-ке қатысты мәселе талқыланды

Almaty.tv

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымы Мәжіліс және мәслихат депутаттарымен, Ядролық физика институтының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда АЭС-ке қатысты мәселе талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақ халаттылар халық қалаулылары мен сала мамандарына сұрақ қойып, өндіріс ошағын салудың маңызына тоқталды. Сұрақ-жауап форматында өткен жиында озық мемлекеттердің тәжірибесі сөз болды.

 "Экономикалық,  экологиялық тұрғыдан алсақ та, қауіпсіздік жағын қарастырсақ та АЭС ең тиімді, қауіпсіз станса боп тұр", – деді ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері Данияр Жансейітов.

 "Қазақстанға АЭС салу жайлы толық ақпарат берілді, мәлімдеме жасалды", – деді №4 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ұлан Алматаев.

Оқи отырыңыз: Референдум: Түркістан облысында 945 учаске жұмыс істейді