Референдум: Түркістан облысында 945 учаске жұмыс істейді

Almaty.tv
Almaty.tv

Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұқтар Ерман өңірге барды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумға екі апта қалды. Референдум күні елдегі 10 мыңнан аса сайлау учаскесінің 945-і Түркістан облысында жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір олар материалдық қажеттіліктермен жабдықталып жатыр. Дайындық жұмыстарының барысын бақылау үшін өңірге Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұқтар Ерман барды. Ол сайлау учаскелерімен танысып, жергілікті комиссия мүшелерімен кездесті.

"Мақсатымыз – әр өңірдің тұрғындарына жағдай жасау. Тізімге кіргізу, ақпарат беру, сайлауға шақыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды инватаксиі, сурдо аударма және басқа да тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету. Учаскелердің дайындығы жаман емес, тиісті материалдық жабдықтармен қамтылған", – деді ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері арнайы курстардан өтіп, біліктілігін арттырып жатыр. Өңірде мұндай маман саны 18 болса, байқаушылар 6433-ке жеткен. Әрі мұнда әдеттегі дауыс беру учаскелерінен бөлек, референдум кезінде уақытша учаскелер де жұмыс істейді.

"Бүкіл емделуші азаматтардың конституциялық құқығына сай олардың дауыс беруін қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар арнайы тарату орны бар.  Әкімшілік қамауда жатқан азаматтарға дауыс беруге мүмкіндік беру үшін 2 жабық учаске ашылған", – деді қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Қайрат Бердіқұлов.

Оқи отырыңыз: АЭС-тен шыққан қалдықтар қайда сақталады

Новости партнеров