АЭС салынса, электр қуаты арзандауы мүмкін

30.09.2024 в 18:09

Сарапшы пайымынша, бұл өзгеріс елдің экономикалық жағдайын жақсартуға негіз болады

АЭС салынса, электр қуаты арзандауы мүмкін. Сарапшы пайымынша, бұл өзгеріс елдің экономикалық жағдайын жақсартуға негіз болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол – ең алдымен энергияның сенімді әрі қауіпсіз көзі саналады. АЭС – елдің энергетикалық тәуелділік мәселесін шешу жолы. Мұнымен қоса атом энергетикасын дамыту республика аумағында жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды. Дарын Бөргековтың айтуынша, Қазақстан уранға бай мемлекет болғандықтан ұлттық ядролық бағдарламаны дамытуға толықтай қабілетті.

"Семейдегі жағдай болуы мүмкін емес. Себебі уран 235 табиғатта 0,7 пайызға байытылған. Одан бомба жасау үшін 90 пайыздан жоғары байыту керек. Ал АЭС-та қолданылатын уран 235 -ті 4,5 пайызға байытылған"– деді ҚР ЭМ Ядролық физика институты қалалық филиалы директорының орынбасары Дарын Бөргеков.

Оқи отырыңыз: АЭС құрылысы ақпарат құралдарындағы ең танымал тақырыпқа айналды