Биыл еліміз 2,5 миллиард киловат электр энергиясын көрші елдерден сатып алады
Қазақстан сағатына 120 миллиард киловаттан аса электр энергиясын тұтынады. Ал оның 118 миллиардын елдегі жылу және су электр станциялары мен баламалы энергия көздері өндіреді. Биыл 2,5 миллиард киловатты көрші елдерден сатып алуға тура келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тараздық ғалымдардың пікірінше, бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 13 миллиардтан асуы мүмкін. Сондықтан атом электр станциясына қажеттілік туындап отыр. Олар "АЭС тек энергиямен қамтып қана қоймай, ғылымның да дамуына мол әсерін тигізеді"дейді. Бүгінде әлемде 400-ден аса АЭС жұмыс істеп тұр.
"Қазақстанда салынғалы жатқан АЭС-тің прототипі 1967 жылдан бері Алматы қаласындағы Ядролық физика институтта жұмыс істеп тұр. 57 жылдың ішінде ешқандай төтенше жағдай болған жоқ. Әлемде 227 атом реакторы бар. Оның ешқайсысында ешқандай төтенше жағдай тіркелмеді", – деді «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасының PHD докторы Әлия Омарова.
Оқи отырыңыз: АЭС: сала мамандары референдумның алдын ала нәтижесін талқылады