АЭС: сала мамандары референдумның алдын ала нәтижесін талқылады

Жиынға қатысушылар көкейдегі сұрағын білікті мамандарға тікелей қоюға мүмкіндік алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы ғалымдардың және студенттердің басын біріктіріп, референдумның алдын ала нәтижесін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда атом энергетикасы саласындағы Қазақстанның ендігі мүмкіндігі, ондағы тың технология, кадрлық әлеует және экономикалық тиімділік сынды тақырыптар сарапқа салынды. Жиынға қатысушылар көкейдегі сұрағын білікті мамандарға тікелей қоюға мүмкіндік алды.

"Басқосуда өзнекті мселеле көтерілді. Мәселен кадрлық грант, шетелге шығуға мүмкіндік ғылыми, оқу, өндіріс жағынан тәжірибе алу сынды ұсыныстарды қолдаймын", – деді Орталық Азиядағы New Nuclear Watch Institute консультациялық кеңесінің төрағасы Бауыржан Ибраев.

"Сабақ берген кезде АЭС-тің шамасын, сұлбасын береміз, шетелден мысал келтіреміз. Ал елде салынса, заманға сай мамандарды дайындағанға өте тиімді", – деді Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры Ертуған Үмбетқұлов.

Оқи отырыңыз: Референдумда байқаушылар жақсы жұмыс істеді - саясаттанушы пікірі

Новости партнеров