«AI-Sana»: Елімізде 670 мыңнан астам студент жасанды интеллект курсын аяқтады

Жобаға елдегі барлық жоғары оқу орындары қатысып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елде жасанды интеллект саласындағы ең ірі бастамалардың бірі - AI-Sana жобасы қарқын алып келеді. Бағдарлама жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Яғни, студенттер жасанды жады құралдарын қолданып қана қоймай, өздерінің цифрлық өнімдерін әзірлеп, пайдаға жаратуды үйренеді. Бүгінде жобаның бастапқы курсын еліміз бойынша 670 мыңнан астам студент аяқтаған. Бағдарламаның келесі кезеңінде 100 мың адам кәсіпкерлік бағытта жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануды меңгермек.

«Ai-Sana үлкен мүмкіндік беретін жоба деп ойлаймын. Тек технологиялар факультетіне емес, пайдасы барлық салаға тиеді. Менің жобам Ilearn деп аталады. Ол университет студенттерін, оқытушыларын уақытты үнемдеп, жүйелі жұмыс жоспарын құрып, қателердің алдын алуға көмектеседі. Ол жұмыс процесін оңтайландырып, студенттің оқудан шығып кетпеуіне көмектеседі», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-курс студенті Самсон Бекеле.

Жобаға елдегі барлық жоғары оқу орындары қатысып отыр. Оның ішінде 27 университет негізгі оқу орны ретінде белгіленген. Солардың бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Бүгін осы бастама аясында «AI – Sana: Болашаққа қадам» тәжірибелік workshop бағдарламасы өтті. Іс-шара барысында студенттер мен жас зерттеушілер жасанды интеллект технологияларын бизнеске енгізу және инновациялық идеяларды дамыту бойынша практикалық бағыт-бағдар алды.

«Болашақта мақсаты – Президент Қазақстандағы 8 басым, кілттік индустриялық бағытты қамтитын, білім беру саласы, медицина, қаржы, агроөнеркәсіп, энергетика салаларында қоғамға пайдасын келтіретін стартап өнімдер, әзірлеуге үйрету. Жасанды интеллект бағытындағы білімін шыңдау сияқты алдыңғы қатарлы технологияларды үйрету», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Айсұлу Атаниязова.

Оқи отырыңыз: Көлсайда дәстүрлі «Парктер шеруі» халықаралық экологиялық акциясы өтті

Новости партнеров