Аяқталмаған жұмысқа 12 млрд теңге төледі: Қонаев қаласының әкімдігі мәлімдеме жасады

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құрылыс жұмыстарының уақытылы жүруі қала әкімі Асхат Бердіхановтың жеке бақылауында

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде Қонаевтағы кәріз-сорғы станцияларының құрылысы кешіктіріліп жатқаны және мердігерге 12 млрд теңгеден астам ақша төленіп қойғаны туралы ақпарат тарады. Желідегі мәліметпен бірге кейбір сорғы станциялары кәріз суларына толып кеткені көрсетілген бейнежазба жарияланды. Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың қазанда Қонаев қаласында 11 кәріз-сорғы станцияларын жаңарту жұмыстары басталды. Бұл жоба қалалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында қолға алынған. Мердігер «TOLAGAI-2050» компаниясымен келісімшартқа қол қойылған.

"Жұмыс кестесіне сәйкес, нысан 2025 жылдың наурызында қолданысқа беріледі деп көзделген. Құрылыс жұмыстарының уақытылы жүруі қала әкімі Асхат Бердіхановтың жеке бақылауында. Ұлттық қордан бөлінген 12 млрд 687 мың теңгенің 391 млн теңгеден астамы әлі игерілмеген, мердігердің шотына жіберілмеген", - деді әкімдік баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Қонаев әкімдігінің мәліметінше, 22 дана сорғының жартысынан көбі орнатылған және электр желілері тартылған. 28 шақырымнан астам құбырдың 26,5 шақырымы жүргізілген.

"Бөлінген қаржының сомасы – құрылыс материалдарының қымбат болуына байланысты. 1 кәріз сорғысының құны - 50-60 миллион теңге. Ал 11 сорғы станциясына кем дегенде 2-3 данадан қою қажет. Бұдан бөлек, құбырларды тарту, жерді жару, мамандардың еңбекақысы, құрылыс материалдарын сатып алу деген сияқты жұмыстары тағы бар", - деп атап өтті Қонаев әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала басшылығының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі бейнежазбаға көрініске  жауап берді.

"Видеоларда кейбір сорғы станциялары кәріз суларына толып кеткені көрсетілген. Бұл апаттар бірден жойылды. Қазір 11 сорғы станциясы қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Бүгінде басқа да ғимараттарды, тұрғын үйлерді кәріз суы алып кету қаупі жоқ, - деп мәлімдеді Алматы облысының әкімшілік орталығынан.

Новости партнеров