Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл төртінші рет ұйымдастырылатын Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.
Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.
Өтінім 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін жолдануы тиіс. Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.
Оқи отырыңыз: 10 жасар баланы ажалдан арашалап қалған ер адам марапатталды