Айналайын: брайль қарпінде жазылған алғашқы кітап жарық көрді

Фото: Дина Дауытбекова
Фото: Дина Дауытбекова

Ерекше балалар қазақ тілінде брайль қарпінде оқып, білім деңгейін жетілдіре алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қонаев қаласында ақын, “Білте” қоғамдық қорының президенті Мақпал Мысаның бастамасымен шыққан "Айналайын" балаларға арналған әңгімелер мен өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жинаққа 22 автордың әңгімелері мен өлеңдері еніп отыр. Ерекше балалардың қазақ тілінде брайль қарпінде оқып, білім деңгейін жетілдіруіне арналған кітаптың тұсаукесері рәсіміне ҚР Парламент Сенаты және  Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Шарада Алматы облыстық маслихат төрағасы Қуат Сұлтанұлы, ҚР Парламент Сенатының депутаты Амангелді Ғабдыкәрімұлы, Мәжіліс депутаты Максим Николаевич сөз алып, жаңа кітаптың маңызына тоқталды. Сонымен қатар ақын Алмас Ахметбекұлы, зағип жандарға арналған республикалық кітапхана директоры Асхат Құсайынұлы мен кітап авторы Мақпал Мыса жинақтың ерекшеліктерін атап өтті. 

Жиын соңында сахна төрінде эстрада жұлдыздары мен облыстық Сүйінбай атындағы филармония әртістері өнер көрсетті. 

Оқи отырыңыз: Алматыда оқушылар құрастырған теңге пирамидасы КИнЭС рекордтар кітабына енді

Новости партнеров