Алматыда оқушылар құрастырған теңге пирамидасы КИнЭС рекордтар кітабына енді

№209 мектеп-гимназиясының шәкірттері  50 теңгелік монеталардан пирамида құрастырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мектеп оқушылары 50 теңгелік монеталардан пирамида құрастырып шықты. Осылайша, оқу ордасы Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерекше композицияны №209 мектеп-гимназиясының шәкірттері Ұлттық валюта күніне арнаған. Пирамидаға бас-аяғы 15 мыңнан астам монета пайдаланылған. Мектеп директорының айтуынша, идея авторы – 11-сынып оқушылары. Ұсынысты білім ошағының басшысы бірден қолдап, мектеп ұжымымен бірлесе туындыны құрастыруға көшкен. Оның айтуынша, теңге пирамидасын 1,5 аптада жинап шығарған.

"Мектеп гимназиясының ата-аналарына алғыс айтамын! 3800 ата-ана бір ауыздан қолдап, 15 мың монета жинап, рекордтар кітабына ендік. Бірақ 16900 монетадан ең үлкен пирамида құрастырды", – деді № 209 мектеп-гимназиясының директоры Болат Мыңбаев.

Оқи отырыңыз: Азия ойындары: Қытайдың Харбин қаласындағы додаға 139 спортшы қатысады

Новости партнеров