AITK Fest 2026: Алматыда жастарға арналған ауқымды IT фестиваль өтті

10 мыңға жуық үміткер қатысып, оза шапқан мың оқушы бақ сынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және технологиялық кәсіпкерлікке арналған AITK Fest 2026 жастар фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған 10 мыңға жуық үміткер қатысып, оза шапқан мың оқушы бақ сынады. Олар 37 командаға бөлініп, IT жобаларын қорғады. Үздіктерге білім гранттары мен қаржылай сыйақы және АҚШ-қа жолдама берілді. Іс-шара қалалық Цифрландыру басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, фестивальде мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беріліп, қаланың жетекші оқу орындары мен IT-компанияларының мүмкіндіктері таныстырылды.

«Негізі стартап баттлдың мақсаты –  топ 10 оқушыны анықтау керек болды. Ең басында 10 мың оқушы тіркелген. Оның ішінен 1000 қатысушы іріктелініп алынды және олар жобаны аяқтады. Енді 10 оқушыны АҚШ-қа жолдамамен жіберіп жатырмыз. Тегін. Олар Америкаға барып, IT конференцияға қатысып,  Америкадағы стартаптардың қалай дамып жатқанын көреді.  Алған тәжірибесі өз жобасын әрі қарай дамытуға көмектеседі деп үміттенеміз», – деді жоба үйлестірушісі Бақытжан Қарабаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті