Aitu, eGov, eOtinish: енді интернет балансы нөл болса да қызмет қолжетімді

27.08.2025 17:09

Қазақстандықтардың телефон балансында қаражат болмаса да, Aitu, eGov және eOtinish сервистері арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Бұл шешім Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрлық штаб отырысында қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың айтуынша, мұндай қадам халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені азайтуға айтарлықтай ықпал етеді. Сондай-ақ жиында тағы бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Айта кетсек, 20 қыркүйекке дейін Smart Bridge платформасында коммерциялық IT-шешімдерді мемлекеттік қызметтермен кедергісіз біріктіру көзделіп отыр. Бұған қоса, Qaztech платформасына да бірқатар жаңартулар енгізілмек.

 «Qaztech алаңында бюрократиялық кедергілер жойылды, жобалардың бағасы, мерзімі және функцияналдығына шектеулер алынып тасталды. Енді мемлекеттік қызметтерді оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінен бастап білім беру, ЖИ және кибер қауіпсіздік сияқты ірі әрі кешенді бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. 15 қыркүйектен бастап телефон балансында қаражат болмаса да Aitu, eGov және eOtinish сервистерін пайдалану тегін болады», – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Оқи отырыңыз: Еліміздің білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі