Айыппұлдар амнистиясы: Мәжілісте қазақстандықтардың төленбеген қарыздарын кешіру мәселесі қаралды

Almaty.tv
Almaty.tv

Егер заң жобасы қабылданса, азаматтардың тек негізгі айыппұлы ғана емес, оған есептелген өсімпұлдары да толықтай жойылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда жүргізушілердің бірнеше миллиард теңге айыппұлына рақымшылық жасалуы мүмкін. Қазір елде қылмыстық және әкімшілік амнистия туралы заң жобасы әзірленіп жатыр,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Құжатты таныстырған депутат Снежанна Имашеваның айтуынша, әкімшілік амнистия аясында заң күшіне енгенге дейін орындалмаған айыппұлдар бойынша жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, жеке нотариустар, адвокаттар, қандас мәртебесі бар азаматтар және жалпы қазақстандықтар әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Депутаттың сөзінше, мұндай айыппұлдардың басым бөлігі жол ережесін бұзған жүргізушілерге тиесілі. Егер заң жобасы қабылданса, азаматтардың тек негізгі айыппұлы ғана емес, оған есептелген өсімпұлдары да толықтай жойылады.

Оқи отырыңыз: Алматыда №145 жаңа автобус бағыты ашылды

Новости партнеров