Қазақстанда энергия жинақтайтын «алып пауэрбанктер» салынады

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

«Жасыл» энергетика саласына ірі халықаралық инвесторлар тартылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Отырыс барысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының өтуі, сондай-ақ энергетика саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар энергия жинақтау жүйелері нарығын дамыту және гидроаккумуляциялық электр станцияларын енгізу перспективалары талқыланды.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің белсенді дамуына байланысты энергия жинақтау жүйелері жобалары іске асырылуда. Бұл жел және күн электр станцияларында өндірілген энергияны жинақтап, оны тұтынудың шарықтау кезеңінде пайдалануға мүмкіндік береді.

«Жасыл» энергетика саласына ірі халықаралық инвесторлар тартылған. Компаниялар қуаттылығы әрқайсысы 1 ГВт-қа дейін жететін жел электр парктерін салуда. Әрбір жел паркі жанынан қуаты 300 МВт болатын энергия жинақтау жүйелерін салу да көзделген. Бүгінде іске асырылып жатқан жобалардың жиынтық көлемі 1,6 ГВт-ты құрайды.

«Қазақстанда энергожүйенің маневрлік мүмкіндігін арттыруға бағытталған гидроаккумуляциялық электр станцияларын салу жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Алматы облысында екі ГАЭС жобасы пысықталуда. ГАЭС «энергетикалық аккумулятор» қағидатымен жұмыс істейді: электр энергиясы артық өндірілген кезеңде су жоғарғы су қоймасына айдалады, ал тұтыну шарықтаған уақытта төменге жіберіліп, турбиналар арқылы электр энергиясы өндіріледі.

Оқи отырыңыз: Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады

Новости партнеров