Аяғында сүйреген ізі бар: Айзат Жұманованың қазасына қатысты тың дерек пайда болды

Almaty.tv
Almaty.tv

Отырысқа сот-медициналық сараптаманы саралайтын маман шақырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорған қаласында Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Айзат Жұманованың қазасына қатысты іс бойынша кезекті отырыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сотта марқұм әйелдің ауруханаға жеткізілген сәтінен түсірілген бейнежазба көрсетілді. Бейнекадрлерден Айзаттың медициналық мекемеге өте ауыр халде жеткізілгені анық көрінеді. Тергеу деректеріне сәйкес, 22 маусымда мас күйіндегі күйеуі Айбар Жанболат әйелін сыртқа шығарып, бірнеше рет басынан және денесінің әртүрлі жерінен ұрған. Соққыдан есінен танып қалғанға дейін Айзат көмек сұрап, айғайлағанымен, күйеуі әрекетін тоқтатпаған.

Әйелін жұдырықтың астына алғаннан кейін сотталушы оны ауруханаға жеткізген. Кейіннен марқұм жансақтау бөлімінде көз жұмды. Сондай-ақ сот процесінде сотталушы Айбар Жанболаттан да алғаш рет сұрау алынды. Ол тағылған айыпты ішінара мойындап, әйелін өлтіргісі келмегенін жеткізді. Отырысқа сот-медициналық сараптаманы саралайтын маман шақырылып, марқұмның өлім алдындағы жағдайын толық түсіндіріп берді.

«Сараптамада да көрсеттік. Ол жерде жарақаттың бәрін адам тірі кезінде алынған. И аяғында, қолында сүйреген із бар. Ол енді өлгеннен кейін түскен жарақаттар деп есептедік. Өйткені, тірі кезінде алынған жарақаттардың көрсетпелері жоқ. Қанталау сияқты өзгерістер жоқ. Өлімнің себебі – бас-ми жарақаты деп табылды», – деді сот-медицина сарапшысы Тахир Хәлімназаров.

Оқи отырыңыз: ІІМ жаңажылдық шыршаға байланысты ескерту жасады

Новости партнеров