:олаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельдік қозғалтқышы бар автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақмола облысы аумағында 22 қаңтар сағат 21:00-ден бастап жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельдік қозғалтқышы бар автокөліктердің қозғалысына бірқатар бағытта шектеу қойылды.
Шектеу келесі автожол учаскелеріне қатысты:
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-595 шақырым аралығы (Қостанай қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
– «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);
– «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 0–82 шақырым аралығы (Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы);
– «Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолының 18-341 шақырым аралығы (Астана қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
– «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық өткізу пункті)» автожолының 2-50 шақырым аралығы;
– «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы;
– «Көкшетау қаласының айналма жолы» автожолының 0-18 шақырым аралығы;
– «Щучинск – Зеренді» автожолының 0-77 шақырым аралығы;
– «Көкшетау – Атбасар» автожолының 0-184 шақырым аралығы;
– «Макинск – Ақсу – Торғай» автожолының 0-240 шақырым аралығы;
– «Астана қаласының айналма жолы» автожолының 0-86 шақырым аралығы;
– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 16-407 шақырым аралығы;
– «Астана – Қорғалжын» автожолының 19-181 шақырым аралығы;
– «Бурабай шипажай аймағының жолдары» және бірқатар кіреберіс бағыттар.
Алдын ала мәлімет бойынша Ақмола облысындағы жолдарды 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланған.
Сонымен қатар Жамбыл облысы аумағында 22 қаңтар сағат 20:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы» автожолының 159-238 шақырым аралығында (Кенен ауылы – Қайнар ауылы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды.
Бұл бағытта көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Жамбыл облысындағы жол учаскесін 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 08:00-де ашу көзделіп отыр.
Жол жағдайына қатысты қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады