Ақмола облысында оқушы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашып жасырынбақ болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысына қарасты Ынтымақ ауылында мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полицияның мәліметінше, мектеп оқушысы пышақпен жасалған шабуылдан алған жарақаттары салдарынан көз жұмған.

Белгілі болғандай, кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облысының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қызды өлтіруге күдікті адам ұсталды.

Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сенсек, күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны қамауға алу бір тәуліктен аз уақыт ішінде жүзеге асқан.

Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашып жасырынбақ болған, алайда жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Істің тергелуі Ақмола облыстық полиция департаменті басшылығының арнайы бақылауында.

Оқи отырыңыз: Президент ақын Күләш Ахметованың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Новости партнеров