Мердігерден заңсыз төленген бюджет қаражаты өндірілді
Есіл қаласында 45 пәтерлі тұрғын үй салу кезіндегі өрескел заң бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Есіл ауданының прокуратурасы Есіл қаласында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын тексеру барысында орындалған жұмыстар актілеріне заңсыз қол қоюды және орындалмаған елеулі жұмыс көлемі мысалы бейнебақылау орнату, ішкі әрлеу конструкциялары, сантехникалық аспаптар және т.б. үшін бюджет қаражатынан ақы төлеуде 8,7 млн теңгеден астам сомаға төлемдерді анықтады.
Мердігер жасалған шарттың талаптарын сақтамады, нәтижесінде тұрғын үй құрылысы бойынша жұмысар белгіленген мерзімде орындалмады.
Қабылданған прокурорлық ден қою шараларымен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мердігерден заңсыз төленген бюджет қаражаты өндірілді, сондай-ақ аудан әкімдігінің бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Оқи отырыңыз: Астанада қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті робот-ит бақылайды