Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторын көлік қағып кетті

Оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу амалдары басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында қызмет бабында жүрген патрульдік полиция инспекторын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өкінішке қарай, жол сақшысы Асанәлі Әскербеков оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай Астана–Ерейментау–Шідерті тас жолында болған. Белгілі болғандай, Тoyota автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрған полицейді басып кеткен. Оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу амалдары басталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен. Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әріптесіміздің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Аталған дерек бойынша жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізілетініне кепілдік береміз», – деді облыстық Полиция департаменті жеке құраммен жұмыс басқармасының басшысы Ғалымжан Садықов.

Оқи отырыңыз: Шақалақ шетінеп кетті: Бауыр еті баласынан айырылған әйел дәрігерлерді кінәлап отыр

 

Новости партнеров