Ақмола облысында шенеуніктер су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені жымқырған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қаржы ұрлау ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлау ісі бойынша айыптау үкімі өз күшінде қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, 2025 жылдың 7 қарашасында облыстық соттың апелляциялық алқасы 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімінің басшысы мен екі мердігер басшыларына қатысты айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, аталған қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.

Істі Ақмола облысы арнайы прокурорлары тергеген болатын.

Ұрлықты ұйымдастырушы А.Ж. Серікбаев ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2)-ші тармағы (талан-таражға салу) бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Мердігер ұйымның директоры Орлов Р.О. ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2)-тармағы, 218-бабының 3-бөлігі 3) - тармағы (талан-таражға салу және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, мүлкі тәркіленіп, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

«Атбасар аудандық құрылыс бөлімінің бастығы С.Т.Қаранағаев ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2)-тармағы  бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 айға нақты бас бостандығынан айырылды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға жатпайды.

Оқи отырыңыз: Прокурор Яна Легкодимованы өлтіргендерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Новости партнеров