Түрмедегі тапсырыс: тыйым салынған заттар колонияға келген жүк көлігінен табылды

Тінту кезінде КамАЗдың ішінен 10 смартфон, 10 сим-карта және бірнеше қуаттағыш шыққан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы Ленгер қаласындағы сотталушылар түрмеге телефон «тапсырыс берген». Тыйым салынған заттар колонияға қажетті құрылыс материалдарын алып келген жүк көлігінен табылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тінту кезінде КамАЗдың ішінен 10 смартфон, 10 сим-карта және бірнеше қуаттағыш шыққан. Бүгінде заңсыз сәлемдемені қамау орнына кіргізбек болған жүргізушіге әкімшілік шара қолданылған. Сондай-ақ жауаптылар «іштегі тұтқындар да жазасыз қалмайды» дейді.

«Аталған оқиға Шымкент қаласы ҚАЖ департаментінің №55 мекеде орын алды. Сотталған азаматтар жұмыс жасайды. Керекті материалдарға тапсырыс бергенде телефондарды да тізімге қосқан. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Сотталған азаматтарға тиісті шара қолданылады», – деді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы Ұлан Әбибулла.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында шенеуніктер су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені жымқырған

Новости партнеров