Ақмола облысында ұлттық парк аумағынан 12 қарағай қазып алған адам ұсталды

qazaqgeography.kz
qazaqgeography.kz

Оның бұл әрекеті табиғатқа 520 мың теңгеден астам залал келтірген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Табиғатқа келтірілген шығын 520 мың теңгеден асып жығылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Ерейментау ауданындағы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Сұңқарлы таулар» учаскесінде болған. Ұлттық парк қызметкерлері тексеру кезінде Қарағайлы ауылының 44 жастағы тұрғыны басқарған мотоциклді тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында одан табиғи аумақтан қазып алынған 12 жас қарағай табылған.

Ер адам ағаштарды басқа жерге отырғызу үшін қазып алғанын түсіндірген. Алайда оның бұл әрекеті табиғатқа 520 мың теңгеден астам залал келтірген.

Оқиға туралы полицияға хабар берілді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қызыл кітапқа енген қоңыр аю Көлсайда бейнекамераға түсіп қалды