Ақмола облысында жеті көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Екі адам медициналық мекемеге жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысындағы Астана – Ерейментау – Шідерті тасжолының 94–95 шақырымында жеті көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.  

Полицияның мәліметінше, соқтығысқан көліктер Павлодар бағытына қарай қозғалып келе жатқан.

«Алдын ала деректер бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан әртүрлі дене жарақатын алған екі адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды», – деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдық режимін сақтауға, әсіресе көлік қозғалысы тығыз учаскелерде мұқият болуға, сондай-ақ көліктердің техникалық жағдайын қадағалауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Есікті балтамен жауып, өрт қойған: СҚО-да үш адамды өлтірген тұрғын сотталды

Новости партнеров