Президент Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу бойынша келісімге қол қойылғанын құптады
Биыл Америка штаттарына тікелей әуе рейсін ашу үшін Dreamliner ұшақтары Қазақстанға жеткізіледі. АҚШ-қа жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккиді қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Президент Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу бойынша келісімге қол қойылғанын құптады. Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы да аталған кәсіпорынның ұшақтарын сатып алмақ. Сондай-ақ америкалық корпорациямен серіктестік негізінде Шымкент әуежайында алғашқы техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
«Өткен жылы Air Astana Boeing-пен келісімшартқа қол қойды. Бұл келісімшарт бойынша Boeing Қазақстанға Dreamliner әуе кеме жеткізу міндет алды. Биыл олардың алғашқысы Қазақстанға келеді», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» көрме залы ашылады