Референдумға дейін:
21
күн
14
сағат
8
минут

Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» көрме залы ашылады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Басты мақсат – көпшілікті XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орданың тарихымен, мәдениетімен таныстыру

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аида Балаева Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіндегі «Алтын Орда» жаңа көрме залымен танысты. Экспозиция қазақ мемлекеттілігінің бастауы болған тарихи маңызды кезеңдердің біріне арналған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Экскурсия барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей экспозицияларын ұйымдастырудағы терең әрі ғылымға негізделген тәсілдерді атап өтіп, Алтын Орда мұрасын келер ұрпаққа кеңінен насихаттаудың мән-маңызына тоқталды.

"Жаңа зал ашудағы басты мақсат – көпшілікті XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орданың тарихымен, мәдениетімен таныстыру, оның қазақ мемлекеттілігінің бастауы ретіндегі рөлін көрсету және қоғамның тарихи санасын қалыптастыру", - делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрігінің баспасөз қызметініңғ хабарламасында.

Көрмеде музей қорынан алынған 200-ге жуық жәдігер ұсынылған. Қалалық мәдениет бөліміне тұрмыстық бұйымдар, зергерлік әшекейлер, Алматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай әулеті ақсүйектерінің салтанатты киіміндегі жібек маталардың қиындысы қойылған. Әскери өнер бөлімінде қару-жарақ элементтері көрсетілген. Мемлекеттік құрылымға арналған бөлімде Алтын Орданың басқару жүйесі, билеушілер генеалогиясы және Қазақ хандығымен тарихи байланысы баяндалады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады

 

 

Новости партнеров