Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жолдады

19.03.2026 12:16

АҚШ президенті Мемлекет басшысын G20 саммиті мен Бейбітшілік кеңесінің отырысына шақырды

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды.

"Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: 2026 жылдың сәуірінде қазақстандықтар қалай демалады